Әркім жұмақты өзіне-өзі орнатады

Әркім жұмақты өзіне-өзі орнатады
Сурет: Вitcop.ru

Жетістік кілті...

Уильям Шекспир  «Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету» деп нақыл сөз қалдырыпты. Ағылшын драматург әрі ақынның айтқан сөзінің жаны бар. Былай қарап тұрсаңыз заманның ығы осылай болып тұр. Ол қалай дерсіз, яғни еңбек ету қажет. Ол үшін төмендегідей критерилерге назар аударайық.

Әр қадамыды анық басу. Көптеген әлем елдерінің халқы өздеріне көп мән береді. Кішкентай кезінен бастап, болашағын жоспарлайды. Ол үшін әрдайым өз-өзін дамытады. Оны тек жас кезінен бастау шарт емес. Деседе, ертерек бастаған артықтық етпейді. Ғаламтор біздің сенімді серігімізге айналды. Қандай да бір қажеттілік іздесеңіз, сол  жерден табасыз. Ең негізгісі сізге күш қуат беретін, мотивациялық роликтер қарау өте пайдалы.

Қаражатты тиімді пайдалану білу. Сарапшылардың пікірінек назар аударсаңыз олардың да айтары осы. Егер қаражатты орнымен жаратып, әрнәрсенің ретін біліп отырсаңыз – озғаныңыз. Сондықтан кіріс пен шығысты бағамдап отырған абзал. Бұған бір қиын бір арифметика керек емес. Тек қарапайым заттарға мән берсеңіз болғаны. Қысқаша айтқанда Американы ашу керек емес. Қазіргі заманның лебі де солай сияқты.

 «Еңбектің наны тәтті» депті бұрынғылар. Орын тауып айтылған нақыл. Қазіргі заман әркім өзіне жұмақ жэасайтын кез. Егер ақылмен еңбек етсеңіз озасыз, ал құр жүрсеңіз уақт өте береді. Болашақ бүгіннен басталады.