«Ән – Мұхит»

«Ән – Мұхит»
Almaty-akshamy.kz

Қазан айының 6, 7-сінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында әйгілі композитор, ақын Мұхит  Мерәліұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Ән – Мұхит» музыкалық қойылымының тұсаукесері өтеді.

Сценарийін жазған - ақын-драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып. Қойылым режиссері - Жұлдызбек Жұманбай. Басты кейіпкер образын Нұрболат Исаев сомдайды. Спектакльдің басты ерекшелігі – этнофольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтеді. Сонымен қатар қолданылатын музыкалық материалдың барлығы - ансамбль артисі, қобызшы Нұрболат Қыдырбаевтың арнайы қойылым үшін жазылған авторлық дүниелері. Аталмыш қойылымда Мұхиттың халық арасында кең тараған  «Айнамкөз», «Үлкен Айдай», «Кiшi Айдай», «Зәуреш», «Таңкөйлек», «Қара қаншықтың әні», «Алуаш» әндері орындалып, өнерпаздың өмір жолындағы ащы шындық бейнеленеді.