Әміре ресейлік «Голос» шоуында қазыларды таңқалдырды

Әміре ресейлік «Голос» шоуында қазыларды таңқалдырды
Cурет: Кадрдан алынды

Әнші Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады

Көпшілікке Әміре лақап атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев ресейлік «Голос» шоуында барлық қазыларды таңқалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Отандасымыз Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады. Оны шоуда теріс қарап отырған барлық қазылар бұрылып, өз тобында өнер көрсетуді ұсынды.

Part-Time Lover әні 1985 жылы In Square Circle альбомымен жарық көрген. Аталған альбом «Грэмми» сыйлығын алған.

Шоу барысында қазылар әншінің орындауына таңқалып, оны жоғары бағалады.


«Милизматикаңыз сұмдық. Еркін, тәтті. Әрқайсымыз сізді командамызда көргіміз келеді, -деді Пелагея.

Сондай-ақ оны Агутин де қолдады.

«Қазақстан бұл жағынан мықты. Таң қалып отырмын. Бәрі керемет болды»,-деді әнші Агутин.

Градский: Жарайсың! 

Дима Билан: Бұл - джекпот!

Отандасымыз соңында тәлімгер ретінде Дима Биланды таңдады.

«Күрделі. Шынымды айтсам бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Дима Биланды таңдаймын» ,-деді Әміре.

Айта кетсек, Әміре бұған дейін «Славянский базар» байқауының жеңімпазы атанған.

Ресейдің «Голос» шоуына биыл қазақстандық үш әнші қатысып жатыр.