Әлия ЕЛЕУСІЗҚЫЗЫ, 2-млн тұрғынның анасы: Шаһарымыз көркейіп, дами берсін

Әлия ЕЛЕУСІЗҚЫЗЫ, 2-млн тұрғынның анасы: Шаһарымыз көркейіп, дами берсін
Cурет: Әкімдік

Отбасымыздың атынан  алғысымызды білдіреміз.

Қала күнінде Алматы қаласы әкімінен пәтер кілтін иеленген мегаполистің екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың анасы өзінің алғысын жеткізді, деп хабарлайды  Аlmaty-akshamy.kz.

Жаңа қоныс тойын тойлауға демеу болған қала басшылығына отбасы атынан алғысын жеткізген ана, қаланың дами беруін тіледі.

«Ең біріншіден Аллаға, екінші пәтерлі болуға демеуші болған қала әкімі Бақытжан Әбдірұлына отбасымыздың атынан алғысымызды білдіреміз. Шаһарымыз көркейіп, дами берсін», - деді 2-млн тұрғынның анасы Әлия Елеусізқызы.

Айта кетсек, қаламызда 2021 жылдың басынан бері 2210 азамат тұрғын үймен қамтылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 248 мыңнан астам қолжетімді тұрғын үй салынды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.