Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіровке арнап мурал салынды

Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіровке арнап мурал салынды
Сурет: Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл муралды осыған дейін де бірталай ескерткіш пен суреттің авторы болған қарағандылық суретші Сәкен Дәулетбаев салыпты.

Қарқаралы ауданы әкімдігінің мәліметінше, Қарқаралыда Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіровтің суреттері бейнеленген мурал пайда болды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Суретші Сәкен Дәулетбаев Қарқаралыда екі үйдің қасбетіне Тоқтар Әубәкіров пен Әлихан Бөкейхановтың суретін салды.

«Әлихан Бөкейханов пен Тоқтар Әубәкіров – есімі тарихта алтын әріппен жазылған жерлестеріміз. Биыл Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл және Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 75 жыл толды. Осы даталар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай суретші Сәкен Дәулетбаев қалаға мурал туындыларын тарту етті», – деді әкімдіктің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жұмаханова.