Әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны азайды

Әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны азайды
Сурет: Rbc.ru

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны азайған

Дегенмен, Еуропадағы эпидахуал тұрақтамай тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Вакцина жетіспейтін елдерде жағдай күрделі. Статистикаға сәйкес, әлемдегі 56 мемлекетте халықтың 10 проценті де вакцина қабылдамаған.  

 «Covid-19 -дан қайтыс болғандардың саны кеміп келеді. Қазір бір жылдың ішінде ең төмен көрсеткіш. Десе де, әлі де аптасына 50 мың өлім тіркеледі. Бұл ресми дерек қана. Ал Еуропадағы ахуал көңіл көншітпейді. Кей елдерде аурудың жаңа толқыны өрши бастады», - дейді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус