Әлемде азық-түліктің 40%-ы рәсуа болуда

Әлемде азық-түліктің 40%-ы рәсуа болуда
Сурет: Rg.ru

Азық-түлікті ысырап етпейік!

Жыл сайын әлемде өндірілетін азық-түліктің шамамен 40%-ы асқа пайдаланылмай қоқысқа тасталады. Бұл туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айтуларынша, бұл қоршаған ортаға зиян келтіреді. Өйткені, тамақ қалдықтарының парниктік газдардағы үлесі 10%-ға жуықтайды.

Бұл Еуроодақ пен АҚШ-та көліктен бөлінетін зиянды заттардың мөлшерінен екі есе көп. Осы ретте мамандар тұрғындарды азық-түлік таңдау мәселесінде жауапкершілік танытуға шақырып отыр.