Әлемде 10 млн-дай бала туғалы мүлдем екпе салдырмаған

Әлемде 10 млн-дай бала туғалы мүлдем екпе салдырмаған
Cурет: Darko Vojinovic

Екпе салдырмаған балалардың көбі кедей елдерде тіркелген

Дәрігерлер әлемдегі дамушы елдерде 10 миллиондай бала жұқпалы ауруларға қарсы ешқандай екпе салдырмағанын анықтады. Мұндай зерттеудің нәтижесі Lancet Global Health ғылыми журналында жарияланды.

«Егер екпені бала кезінде салдырмаса, адамның денсаулығында үнемі проблема туындап отырады. Сондықтан екпе салдырмаған балаларға жаһандық бақылау жүргізіліп, бұл мәселенің алдын алу әлемдік қауымдастықтың басты міндетіне айналу керек»,-дейді Монреаль университетінің профессоры Мира Джори.

Джори мен оның әріптестері жоба аясында осындай қорытындыға келген. Өйткені соңғы отыз жылда ДДҰ, ЮНИСЕФ және Вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянс (GAVI)  кедей елдердегі балаларға вакцина салып келеді және ол өз тиімділігін көрсете бастаған.

Ғалымдар зерттеу жүргізу барысында 1992-2016 жылдары Үндістанда әлеуметтік қызметтермен балаларға салынған вакцина статистикасын пайдаланған. Осы мағлұматты өзге елдердегі жағдаймен салыстырғанда дәрігерлер Үндістанда вакцина салудан кейін жағдай анағұрлым жақсарғанына көз жеткізген. 

Сондай-ақ зерттеу барысында Үндістан мен өзге елдерде балаларға мүлдем екпе салдырмау жағдайы төмендеген. 1992 жылы ол 33% болса, 2016 жылы 10,1%-ға жеткен. Ғалымдардың есептеуінше қазір әлемде 10 миллиондай бала туғалы инфекцияға қарсы мүлдем екпе салдырмаған, оның 2,9 миллионы Үндістанда тұрады.

Зерттеушілердің айтуынша, екпе алмаған балалардың барлығы әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыдан шыққан. Олар аурудан қорғалып қана қоймай, дұрыс тамақтанбайды да.