Әлем чемпионатында қазақстандық каратэшілер 8 медаль олжалады

Әлем чемпионатында қазақстандық каратэшілер 8 медаль олжалады
Сурет: Egemen.kz

Кекушинкай каратеден әлем чемпионаты Польшаның Краков қаласында өтті

Әлемдік додаға 32 ел қатысты. Еліміздің құрамасы сегіз медаль жеңіп алды, олардың алтауын командаға маңғыстаулық спортшылар салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазақстан құрамасынан Нұр-Сұлтан, Тараз қалалары мен Атырау және Маңғыстау облыстарынан 27 спортшы қатысты. Жалпы Әлем чемпионатына 32 елдің 684 спортшысы бақ сынады.

«Чемпионат жоғары техникалық деңгейде өтті. Жекпе-жек өте қиын болды, көптеген елдер тарапынан үлкен қарсылық болды. Мықты командалар Еуропаның бірнеше елінен, Ираннан, Украинадан және Ресейден келді», деп жазады Маңғыстау облысының каратэ-до кекушинкай федерациясы.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сегіз медальға ие болды, оның ішінде үш бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орын.

Бірінші орындарға ие болғандар:

75 кг жоғары салмақ санатында және 14-15 жас санатында өнер көрсеткен Ақтау қаласынан Аян Маратов;

60 кг салмақ санатында және 16-17 жас санатында өнер көрсеткен Жаңаөзен қаласынан Аманқан Қыдыржан;

75 кг салмақ санатында және 18-21 жас санатында бақ сынаған Нұр-Сұлтан қаласынан Антон Зиморев;

65 кг жоғары салмақ санатында және 16-17 жас аралығында өнер көрсеткен Ақтаудан келген Аружан Аишиева;

65 кг салмақ санатында және 14-15 жас аралығында өнер көрсеткен Ақтаудан Сұлтан Саумбаев Қазақстанға екінші орын әкелді.

Чемпионатта үшінші орынды маңғыстаулық екі спортшы алды:

60 кг салмақ санатында және 14-15 жас тобында өнер көрсеткен Гүлназ Ізтанатова;

75 кг дейінгі салмақ санатында және «ерлер» жас тобында өнер көрсеткен Берекет Нұрбаев.