Әлем бойынша КВИ жұқтырғандар саны 198 миллионнан асты

Әлем бойынша КВИ жұқтырғандар саны 198 миллионнан асты
Сурет: Almaty.tv

Коронавирустан көз жұмғандар саны 4 236 344 адамды құрап отыр.

Соңғы дерек бойынша, Қытайдың 10-нан астам аймағында коронавирустың өршуі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

SARS-CoV-2 коронавирусының жергілікті ошақтарының тез таралуы соңғы бірнеше күнде елдің материктегі 14 провинциясында тіркелді. Науқастардың 25%-ы коронавирусты ел аумағында жұқтырғаны анықталды. Ең ушыққан эпидемиологиялық жағдай Цзянсу провинциясында тіркелді, онда COVID-19 инфекциясының 245 жағдайы анықталды. 

Уганда Қытай Халық Республикасынан COVID-19 вакцинасының қайырымдылық партиясын алды. Вакцинаны беру кезінде елші Чжан Личжун Қытай мен Уганда халықтары коронавирустық індетке қарсы күресте бір-біріне өзара көмек және моральдық қолдау көрсететінін атап өтті. Эпидемия басталғаннан бері ҚХР үкіметі Уганда тарапына бірнеше рет эпидемияға қарсы көмек көрсетті, бұл вирусқа қарсы тиімді әрекет етуге жол ашты. 

Чилиде коронавирус таралуының төмендеуі тіркелді. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 1 152 жағдайы тіркелді. Денсаулық сақтау министрі Энрике Паристің айтуынша, бұл пандемия басталғалы ең төмен көрсеткіш. Қабылданған шектеулер мен вакцинацияның арқасында қазір Чили COVID-19 таралуы мен ауруханаға жатқызудың ең төменгі деңгейіне қол жеткізді. Жалпы алғанда, елде 1 615 771 ауру жағдайы тіркеліп, 35 448 адам көз жұмды. 

Францияның Кариб теңізіндегі Мартиника аралында COVID-19 таралуының көбеюіне байланысты локдаун жарияланды. Жергілікті ауруханалар толып, науқастар Парижге жіберіле бастады. Инфекция санының күрт өсуіне байланысты Үнді мұхитындағы тағы бір француз аралы – Реюньонда да жағдай ушығып, шектеу шаралары күшейді. Мұның басты себебі, бұл өңірлерде вакцинация деңгейі ел бойынша ең төменгі деңгейде.