Әлемді аралап шыққан «Шоқан Уәлиханов» яхтасы елге оралды

Әлемді аралап шыққан «Шоқан Уәлиханов» яхтасы елге оралды
Сурет: 24.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған экспедиция елімізді танытып жүр

«Шоқан Уәлиханов» яхтасының экипажы жер шарын аралап, Ақтауға қайта оралды. Бұл саяхат 2007 жылдың күзінде басталған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сол маусымда кеме Атлантиканы кесіп өтеді. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты жоба уақытша тоқтап қалған еді. Төрт жылдан кейін соң саяхат қайта басталады. Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев яхта командасына тапсырған мемлекеттік ту үш мұхитты кесіп өтіп, Европа, Оңтүстік Америка мемлекеттерінде, Тынық мұхиттағы аралдарда болып енді елге оралды. Жер шарын айналып шыққан еліміздің көк туы мұражайға тапсырылады. Саяхатты Орталық Азиялық География қоғамы ұйымдастырған.

Қоғам басшысы Қанат Өскеновтың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған экспедиция еліміздің танылуына септігін тигізген. Өйткені экспедиция мүшелері аялдаған әр айлақта Қазақстанның туын көтеріп, әнұранымызды шырқаған.

«Экспедицияның мақсаты - бүкіл елге Қазақстанды таныту үшін. Мақсат жақсылап орындалды деп ойлап отырмыз. Бізде тағы да бір жоба болып жатыр. Неге десеңіз, енді үлкендеу бірдеңе жасап, Гиннестің рекордтар кітабына кіргіміз келіп отыр», - дейді «Жаңару» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Қанат Өскенов.