ӘЧ: Садақ атудан алғашқы жүлде қоржынымызда

ӘЧ: Садақ атудан алғашқы жүлде қоржынымызда
Сурет: Оlympic.kz

Жерлестер жарады

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Бангладеште өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Классикалық садақ атудан командалық жарыста Қазақстан қыздар командасы қола жүлдегер атанды. 

Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук үштігі кіші финалда Үндістан командасымен кездесіп, 220:208 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, құрлық додасының қола медалін еншілеп отыр. 

Ал ерлер арасындағы сында Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Дәулеткелді Жаңбырбай Бангладеш командасына 2:6 есебімен жол берді.