ӘЧ: Италия каратэден 2024 жылы жарыс өткізеді

ӘЧ: Италия каратэден 2024 жылы жарыс өткізеді
Сурет: Оlympic.kz

Езоло-Венеция каратэден жарыс өтпек

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Езоло-Венеция қаласы каратэден 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Венеция маңындағы Италия қаласы WKF конгресінде таңдалды. 

Мұнда 2019 жылы 3000 спортшының басын қосқан жастар арасындағы Каратэ-1 лигасы өткен болатын.

Аталған іс-шара 9-12 желтоқсан аралығына жоспарланып отыр. 

Биылғы чемпионат ковидке байланысты өткізілмейді. Келесі біріншілік Түркияның Конье қаласына жоспарланған.