Әбілхан Аманқұл өзбекстандық боксшыны ұтты

Әбілхан Аманқұл өзбекстандық боксшыны ұтты
Сурет: Оlympic.kz

Қазақ боксында ілгерілеу бар. Тәубе!

Қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды. 

Сондай-ақ, бұған дейін төрт қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасын мерзімінен бұрын аяқтаған еді.