ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды
Сурет: Еhonews.kz

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды.

Бұл жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.