«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы жөнделеді

«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы жөнделеді
сурет: Автомобиль жолдары комитеті

Реконструкциялау бойынша келісімшарт жасалды.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті EH ESER Taahhut Ve Sanayi Anonim Sirketi түрік компаниясымен республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолының 101-143 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау бойынша келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Реконструкциядан кейін жол білікке 13 тонна есептік жүктемемен 4 жолақты қозғалысы бар 1б санатты болмақ. Жоба бойынша ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 2 жол өтпесін, 32 су өткізу құбырын және 6 автобус аялдамасын салу көзделген. Реконструкция жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде», делінген комитет хабарламасында.