Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения төрағалық етеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения төрағалық етеді
Сурет: Vedomosti.ru

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық Арменияға өтті

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянды өз елі атынан және өзінің атынан құттықтап, оған жемісті қызмет тіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылдың бірінші жартысында Арменияда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер және қорғаныс министрлері кеңестері мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңес хатшылары комитеттерінің отырыстары өтеді», - деп жазды «Арменпресс» басылымы.