Ұйқыңызды қандырып жүріңіз!

Ұйқыңызды қандырып жүріңіз!
Сурет: Іz.ru

Үнемі ұйқысы қанбай жүретін адам ашуланшақ, артық салмақ жинауға бейім болады.

Ең қорқыныштысы – ұйқының қанбауы салдарынан жүйке жүйесінің жасушалары жаңармайды екен, ол аздай, адамның есте сақтауы мен зейіні, жұмыс істеу қабілеті де нашарлайды.

Диетолог әрі жаттықтырушы Светлана Панченко ұйқының қанбауының ағзаға тигізетін зияны туралы айтты.

«Тәуліктік ырғақтың бұзылуы (ұйықтау мен ояну режимдері) бірқатар маңызды гормондардың түзілуі мен реттелуіндегі бұзылуларға тікелей байланысты. Егер сіз кешкі он бірден кейін ұйықтасаңыз немесе тым аз ұйықтайтын болсаңыз, онда кортизолдың, мелатонин секрециясы (ұйқы гормоны), өсу гормонының секрециясы, тәбетті реттейтін гормондар: лептин (қанықтыру гормоны), грелиннің (аштық гормоны) реттелуі бұзылады. Бұл гормондардың тепе-теңдігі сіздің денсаулығыңыз бен иммунитетіңізге айтарлықтай зиянын тигізеді», – деді маман.

Ол кортизол, лептин және грелиндегі теңгерімсіздіктің ісінуге, ашуланшақтыққа, көңіл-күйдің өзгеруіне және тәттілерге, майлы және зиянды тағамдарға құмарлықтың артуына әкелетінін айтты.

«Әрдайым уақытында ұйықтау керек, ең дұрысы 22-22: 30-да жатып қалған жөн, ұйықтайтын жеріңіз пердесі жарық өткізбейтін, толық қараңғыланған бөлме болуы да маңызды. Үлкен адам кем дегенде сегіз сағат ұйықтауы керек. Балалардың 9-10 сағат ұйықтағаны жөн», - деді диетолог.