Ұйқыға жатар алдында жеуге болмайтын 5 тағам

Ұйқыға жатар алдында жеуге болмайтын 5 тағам
Сурет: Rus.delfi

Пайдалы кеңес.

Ғалымдардың пікірінше кейбір өнім түрлері ұйқыға және ұйықтау қабілетіне теріс әсер етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мейілінше кешкі уақыттары адам ағзасына кері әсер ететін тағамдардан бас тартқан дұрыс. Егер осы аталаған қағидаттарды пайдаланар болсаңыз, пайдалы кеңестер тыныш ұйықтауға жәрдемін тигізеді.

Тазартылған көмірсулар бар өнімдер

Бұл тағамдарды үнемі қолдану сіздің салмағыңызға ғана емес, ұйқыңыздың сапасына да әсер етеді. Оларға, мысалы, макарон өнімдері, крекер, ақ нан, вафли, кәмпиттер және тәтті шырындар жатады.

Ащы тағамдар

Түнде жайлы ұйықтағыңыз келе ме?

Онда жатар алдында ащы тамақ ішпеңіз. Зерттеулер көрсеткендей, тұзды қоспалары бар өнімдер терең ұйқы кезеңін азайтады.  

Қуырылған тағамдар 

Қуырылған тағамның адам ағзасына пайдасы аз. Диетологтардың айтуынша, қуырылған тағамдар ұйқының ұзақтығын қысқартады және адамды түнде жиі оятуы мүмкін.  

Шоколад

Шоколадта бір кесе кофеге қарағанда кофеин аз, алайда ұйқыны бұзу үшін жеткілікті.  

Алкоголь  

Ұйықтар алдында алкоголь ішу ұйқының сапасына және оның ұзақтығына қатты әсер етеді. Ішпегеніңіз абзал.