Ұшақ пен автокөлік соқтығысып қалды

Ұшақ пен автокөлік  соқтығысып қалды
www.inform.kz

 Алматы халықаралық әуежайында көлік ұшақтың астына кіріп кетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда ұшақ пен көлік бүгін таңғы сағат жетіде соғылғаны айтылған.

Көліктік полиция департаментіні мән-жайды анықтап жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 -бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, осы жылдың мамырында Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысқан.

Тіркеп сүйреу кезінде А 320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті. Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі.