Ұлттық табиғи парк аумағында қар барысының саны көбейді

Ұлттық табиғи парк аумағында қар барысының саны көбейді Сурет: Egemen.kz

 «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын 20 шақты қар барысы мекен етеді


Бұл үш жыл бойы фототұзақтың көмегімен жүргізілген зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Бейнежазба арқылы мамандар көзге сирек түсетін ілбістің тіршілік ететін аумағын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Парктың ғылыми қызметкерлері жазда орнатқан құрылғыларын тау етегінен алып қайтты.  Қар барысы адам аяғы баспайтын таулы аймақта тіршілік етеді. Сондықтан оған жету оңай емес. Парк қызметкерлерімен бірге бірнеше сағат жол жүріп, биік жартастар мен қалың қарағайды тамашалай отырып ілбістің алғаш рет бейнекамераға түскен жеріне келдік. Тау тағысын зерттеп жүрген Жанарбек Молдаханның фототұзағына бұл жолы теке таспаланыпты. 



«Текелер осы жерді тұрақты мекендейді. Текелердің мекендеуі - бұл барыстардың азық қоры. Теке бар жерде барыс бар. Сондықтан да бұл жерді зерттеу жұмыстары жалғастырып, бір ғана барыс деп есептемей, бірнеше барысты фототұзаққа түсіру мүмкіндігіміз болады деп есептеймін.  Парк аумағына 30-ға жуық бейнекамера орнатылған. Бейнежазба арқылы қар барысы жайлы мол мағлұмат жиналды», - дейді «Жоңғар Алатауы»  МҰТП Аға ғылыми қызметкері Жанарбек Молдахан.



Бірнеше жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген парк қызметкерлері барыстың дәл осы біз тұрған Сарқан және Ақшұнақ шатқалдарының түйіскен жерімен жүретінін дәлелдеген. Негізінен барыс теңіз деңгейінен 2500 метр биіктіктегі таулы аймақты мекендейді екен.


Асқар тауларды кезіп жүріп қойылған бейнекамерадағы жазбалар мен фотоларды қызметкерлер мекемеге келген соң компьютерге көшіреді. Машақаты мен ауыртпалығы мол жұмыс мұнымен бітпейді. Олар барыстарды теңбілі арқылы салыстырып, санын есептеп шығарады. Мәліметтер негізінде ғылыми жұмыс та жазылған.



«Юрий Александрович Грачев деген кісінің зерттеулері бойынша, Жоңғар Алатауы, қазір Жетісу Алатауы дейміз, аумағында қырық-елу барыс мекендейді деп шыққан. Жоңғар Алатауы паркі Жетісу Алатауының үштен бір бөлігін ғана алып жатыр. Соңғы зерттеу бойынша, 15-20 барысты нақты парк аумағынан анықтадық. Көп кездескен аумақтары Тастау, Арқанкерген, Мыңтеке деген жерде тұрақты кездеседі», - дейді  «Жоңғар Алатауы»  МҰТП Аға ғылыми қызметкері Жанарбек Молдахан.



Барыс топтаспай, жеке жүретін, епті, айлакер, қайратты әрі өте қырағы аң. Сондықтан көзге көп түсе бермейді. Он жылдан аса қызмет еткен мамандардың өзі оны бір рет қана көріпті. Ілбіске қарағанда аюдың жүрген жерін табу әлдеқайда оңай, - дейді олар.  -  Халқымыз барысты киелі аңдардың қатарына жатқызады. Өйткені оның болмысы бөлек. Өлексені жемей, өзі аулаған жануардың ғана етімен қоректенеді. Бұдан басқа да қасиеттері жетерлік.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49