Ұлыбритания Премьері халықты ревакцинация жасауға шақырды

Ұлыбритания Премьері халықты ревакцинация жасауға шақырды
Cурет: Ашық дереккөз

Ревакцинация халыққа жаппай салынбайды

Ұлыбритания Премьер-Министрі ел халқын COVID-19-ға қарсы үшінші екпені жасауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындары, медицина қызметкерлері, қарттар үйінің қызметкерлері және денсаулығы нашар адамдар ревакцинациядан өту мүмкіндігіне ие. Бустерлік доза кем дегенде алты ай бұрын екінші вакцинаны алған адамдар үшін ғана қол жетімді.

Ал, Италияның Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясына тиесілі үшінші елдерден кіруге белгіленген шектеулерді ұзартты. 
Бұл өкім елге келгеннен кейін 10 күндік карантинді және келгенге дейін 72 сағаттан ерте тапсырылмаған ПТР-тесттің қажеттілігін көздейді. Үшінші елдерден кіруге шектеулер 15 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Болгария Президенті ковид сертификаттарының енгізілуін қолдады. Бұл шешім Болгарияның әртүрлі қалаларында наразылық акцияларын тудырды. "Мен халықтың тек 20%-ы вакциналанған жағдайда қиын қадам жасағанымызды білемін", - деді Румен Радев Үкімет мүшелерімен шұғыл жиналыста.