ҰБТ тапсыру мерзімі ұзартылды

ҰБТ тапсыру мерзімі ұзартылды
almaty-akshamy.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеудің тапсыру мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қаңтардың  21-не дейін құжаттар қабылданады. Ал тестілеу осы айдың 25-інен бастап ақпанның 22-сі аралығында өтеді. Бүгінге дейін тестілеуге қатысу үшін шамамен 100 мың адам құжаттарын өткізген. 

Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Асхат Аймағамбетов осындай шешім қабылданғанын ескертіп отыр. Сонымен қатар магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау 24 қаңтарға дейін созылады.

Айта кетейік, бұған дейін желтоқсанның 24-і мен  5 қаңтар аралығында ҰБТ-ға құжат тапсыру керек болған. Тестілеу 10 қаңтарда басталып, 1 ай ішінде өткізілуі керек еді.