ҰБТ: Бүгін білім беру грантының иегерлері жарияланады

ҰБТ: Бүгін білім беру грантының иегерлері жарияланады
сурет: Almaty.tv

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері туралы ақпарат бүгін түстен кейін жарияланады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі бүгін сағат 15.30-да ҚР БҒМ Telegram- каналында жарияланады», - делінген министрлік мәліметінде. 
Сонымен қатар, сағат 16.00-де: — «Егемен Қазақстан» республикалық газеті және сайты; «Казахстанская правда» республикалық газеті және сайтында жарияланады; 
Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі қашан шығатынын айтқан болатын. «Біз дайындалып жатырмыз. Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті. Орынбасарым Қуаныш Ерғалиев өткізді. Қазір комиссия отырысы өтіп жатыр. Тамыздың 15-іне дейін бұл жұмыс аяқталады деп күтеміз. Содан кейін әдеттегідей тағайындау қорытындысын жария ететін боламыз», - деді министр.