Үйдегі жаңажылдық шырша өртеніп кетті

Үйдегі жаңажылдық шырша өртеніп кетті
Cурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

2021 жылы 26 желтоқсанында сағат 10:36-да Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласының Болашақ ықшам ауданынан өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатында орын алған.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен алты техникасы, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер жіберілді.

«0,5 шаршы метр алаң өртке оранып, жасанды шырша мен диван жанғаны анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көрші Әлішер Еріков пәтерден екі баланы алып шығып, өртті сөндірген»,-делінген хабарламада. 

Белгілі болғандай, өрттің шығуына ішкі электр желісіне қосылған электр гирляндасындағы қысқа тұйықталу себеп болған.