Үйдің сәнін қашыратын 5 себеп және оны шешу жолдары

Үйдің сәнін қашыратын 5 себеп және оны шешу жолдары
Cурет: kk.delachieve.com/

Пәтердің жайлы болуына күрделі жөндеудің қатысы жоқ

Жүргізілген заманауи күрделі жөндеу де, жаңа жиһаз да үйіңізге әркез жайлылық сыйлай бермейді. «Лиза» басылымы баспанаңызда үнемі жайлылық орнау үшін не істеу керектігін жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көптен армандаған баспанаңызға қол жеткізген соң оның жайлы әрі атмосферасы жақсы болуын үнемі назарда ұстаңыз. Үйдегі жайсыздықты тудыратын мынадай бірнеше себептерге назар аударыңыз. 

1. Бос кеңістікті сезіну.
Бұның бөлменің аумағына еш қатысы жоқ. Кең апартаменттерде де, зәулім сарайдай кең үйлерде де мұндайды сезінесіз. Неліктен? Әрине, интерьерлердің дұрыс орналаспауынан. Жиһаздарды қабырға бойына орнатып, бөлме ортасын бос қалдыру қалыпқа айналған. Бұл пәтердегі жайлылыққа кедергі келтіреді. Оны түзету үшін ортаға түрлі декорлармен үстел қойған дұрыс болады. 

Демалу орны жетіспей ме? Баспана – бұл отбасы мүшелерінің рухани әрі физикалық тұрғыда демалатын орны. Ыңғайлы аумақ жетіспейтін пәтерлер үнемі жайсыздық туғызады. Жұмсақ кресло, плед және аяқ астына арналған пуфит сатып алып, ерекшелігін бірден сезініңіз. 
Бос  қабырғалар. Қазір бұрынғыдай қабырғаларға кілемдер ілінбейді. Бірақ мамандар бос қабырғалар өте көңілсіз әрі ұсқынсыз көрінетінін айтады. Қабырғаларды интерьер картиналармен немесе түрлі сергітетін фразалар бар постерлермен әсемдеп қоюға болады. 

2. Интерьерде өзіндік «ерекшелік» жоқ. 

Көңілсіз түс палитрасы, минимализм, мінсіз тәртіп – мұның барлығы интерьер дизайнындағы заманауи трендтерге сәйкес келеді. Алайда өз үйіңізге ерекшелік беру үшін жарқын түстерді де қолдануыңызға әбден болады. Ол ерекше пішіндегі ваза немесе ананас суреттері бар диван жастықтары  болуы мүмкін. 

3. Жарықтың дұрыс орналаспауы: жарықтың болмауы не өте көп жарық.

Күндізгі жарықтың азаюына орай жасанды жарықтандырудың үйдегі жалпы атмосфераға қатты әсері бар. Бір қызығы, жарықтың жетіспеуі де, артық болуы да жайлылыққа теріс әсер етеді. Дизайнерлер пәтерде бірнеше жарық көздерін орнатуды ұсынады.

4. Пәтердегі жайсыз температура.

Суық пәтерде жайлылықтың болмауы белгілі. Егер орталық жылыту жүйесі бұл мәселені шешпесе, онда қосымша жылу көздерін пайдаланған жөн.

5. Үйдегі тазалық.

Үйдегі жайлылық және үйдің үнемі шашылып жатуы бір-бірімен үйлеспейді. Ең алдымен ешкім пайдаланбайтын қоқыс пен ескі заттардан құтылу керек. Әркез үйді таза ұстап, жинап жүріңіз.