Үстел теннисінен халықаралық турнирде қазақстандық спортшы күміс медаль жеңіп алды

Үстел теннисінен халықаралық турнирде  қазақстандық спортшы күміс медаль жеңіп алды
Cурет: Olympic.kz

Словенияның Лашко қаласында үстел теннисінен WTT Contender сериясындағы халықаралық турнир аяқталды

Аталған сынға қатысқан Қазақстан командасының мүшесі Кирилл Герасименко күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан командасының үздігі турнир барысында Венгрия Жапония, Англия және Қытай өкілдерімен кездесіп, басым түсті. 

Ал финалдық сында қытйлық Лян Цзинкуньмен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылды. 

Осылайша, Кирилл Герасименко күміс жүлдегер қатарына енді.