Үстел теннисі: Спортшыларымыз халықаралық дәрежедегі спорт шеберлігіне ұсынылды

Үстел теннисі: Спортшыларымыз халықаралық дәрежедегі спорт шеберлігіне ұсынылды
Сурет: 1npf.com

Теннисшілеріміздің бағы жанғалы тұр!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, осы күндері үстел теннисінен Дохада XXV Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншіліктің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстан ерлер құрамасы үздік сегіздікке енгендіктен, 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама да алды. 

Сондай-ақ, ересектер арасында Азия чемпионаты және Азия ойындарында 1-8 орындарға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі.

Осылайша қазақстандық үстел теннисінің шеберлері Айдос Кенжеғұлов, Алан Құрманғалиев, Ирисбек Артукметов, Анастасия Лаврова, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова және Анель Бақыт аталған спорт атағына ұсынылды.

Құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко бұл атаққа 2017 жылы ие болған еді.