«Үшарал-Достық» автожолы жабылды

«Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Cурет: 24.kz

Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі ауа райының нашарлауына байланысты  «Үшарал-Достық» автожолының жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ және «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша 17.12.2021 ж. сағат 11-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, шектеулі көріну) «Үшарал-Достық» автожолында (84-184 шақырымдары, Көктұма - Достық) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды»,-делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.