Үндістанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина екі жастан бастап егіледі

Үндістанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина екі жастан бастап егіледі
Сурет: Rbc.ru

Үндістан балаларды вакциналау үшін Bharat Biotech препаратын мақұлдады

Үндістан билігі Bharat Biotech компаниясының Covaxin препаратын шұғыл түрде қолданысқа енгізуге рұқсат етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ТАСС агенттігінің ақпаратына сәйкес, бұл вакцина 2-ден 18 жасқа дейінгі балаларға егіледі. Бұл туралы India Today газеті хабарлаған.

«Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін профильді (бейіндік) комитет екіден 18 жасқа дейінгі жас аралығындағы азаматтар тобының вакцинациялануы үшін препаратты қолдануға шұғыл түрде рұқсат етті», - деп келтірді басылым Үндістанның бейінді комитетінің мәлімдемесінен. 

Бірінші және екінші вакцинация арасындағы аралық 20 күнді құрайды деп атап өтілді. 

Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрілігінің мәліметтері бойынша, Пандемия кезінде бұл елде коронавирус жұқтырудың 33,9 млн жағдайы тіркелген, 450 мыңнан астам адам бұл індеттен көз жұмса, 33 млн астам науқас емделіп шыққан. Үндістан халқы - 1,3 млрд адамды құрайды. 

Әзірге Үндістанда вакциналау үш препаратпен жүргізілуде  - бұл AstraZeneca британдық-швед компаниясы өндірген Covishield препараты, Үндістанның Bharat Biotech компаниясының Covaxin препараты және Ресейдің "Спутник V" вакцинасы.