Үміткерлердің ең жасы 25-те, ең үлкені – 62 жаста

Үміткерлердің ең жасы 25-те, ең үлкені – 62 жаста
aikyn.kz

Алматы облысының ауылдық округтерінде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы жүріп жатыр.

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылықтың айтуынша, өңірдегі 71 ауылдық округте сайлау өткізілуде. Облыс бойынша осынша орынға 279 үміткер бақ сынауда.

Олардың қатарындағы 82 адам саяси партиялар атынан сынға түсіп жатса, 153 үміткер - өзін-өзі ұсынғандар.

Тіркелгендердің 35-і - әкімдік қызметті атқарып жүргендер.