Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті

Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
Сурет: Рrimeminister.kz

Бұл жобаларды Мемлекет басшысы мақұлдаған.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық жобалар қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін іске асыру аясында үлкен жұмыс атқарылды», —  деді Асқар Мамин. 

«Тұрақты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобалары, 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба, «Жасыл Қазақстан», «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс», «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Саламатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Ұлттық Рухани Жаңғыру» ұлттық жобалары биыл қабылданған Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспары мен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.