ҮЕҰ арналған білім беру бағдарламасы іске қосылмақ

ҮЕҰ арналған білім беру бағдарламасы іске қосылмақ
Сурет: gov.kz

ҮЕҰ арналған білім беру бағдарламасы іске қосылмақ

 ҮЕҰ арналған білім беру бағдарламасы үш айға есептелген және 8 модульден тұрады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«ҮЕҰ академиясы» жобасын іске асыру шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі ҮЕҰ үшін оқыту курстарының басталғаны туралы хабарлайды.

ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік жобалау, маркетинг, фандрайзинг негіздері бойынша тегін оқытылады, заң және қаржылық сауаттылық саласындағы өз білімдерін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік курсы шеңберінде өзінің әлеуметтік бизнес-моделін әзірлеуге мүмкіндік алады.

Оқыту тренерлер мен бағдарламаға қатысушылардың қарқынды өзара іс-қимыл режимінде өтеді. Оқу процесіне дейін және одан кейін нақты салалардағы білімді өлшеу және ақпаратты игеру деңгейін бағалау мәніне сауалнама жүргізіледі.

ҮЕҰ өкілдеріне арналған жалпы білім беру бағдарламасы үш айға созылады (15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін).

Оқыту 8 модульден тұрады:

  1. Жобаларды басқару
  2. Әлеуметтік жобалау
  3. Ақпараттық технологиялар
  4. Маркетинг (оның ішінде сандық) / жарнама (оның ішінде сандық) / PR
  5. Есеп жазу (шығармашылық және қаржылық)
  6. Құқықтық және салықтық сауаттылық
  7. Экономикалық және қаржылық сауаттылық
  8. Фандрайзинг

Оқытудың қорытындысы бойынша курс тыңдаушылары ҮЕҰ академиясында оқудан өткені туралы сертификат алады.

Тіркелу сілтеме бойынша қолжетімді:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfD2kpG_wfDZwcUPao1tqqyAvZpLml0pInyaZ9IP14tOimY6g/viewform.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.