«Құқықтық тәртіп» ЖАІ: Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет етуде

«Құқықтық тәртіп» ЖАІ: Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет етуде
Алматы қалалық полиция Департаменті

Бұл ретте полиция, құқық бұзушылық жасағаны үшін шамамен 3 мың 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шаһарда қоғамдық тәртіпті сақтауға, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл күндері Алматыдағы полиция қызметі мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды.  Әр ауданның полиция Басқармаларында ауысыммен күрделі және кешенді күштердің біркелкі саптүзеуі жүзеге асырылады, онда командирлер оларға учаскенің қазіргі қылмыстық жағдайы туралы хабарлауы, ашылмаған қылмыстарға бағыт-бағдар беруі, сонымен қатар, олардың әдетте көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу міндеттерін қояды.  Айтпақшы, алдыңғы қатардағы және жедел бөлімшелердің күштерімен «ізін суытпай» 98 қылмысты және бұрын жасалған 51 қылмысты ашты.  Олардың ішінде - қарақшылық, бұзақылық, есірткі сату, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, суық қару мен атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері және т.б. бар. Сондай-ақ, іздеуде болған 16 адам ұсталды», - деді,  Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Бұл ретте полиция, құқық бұзушылық жасағаны үшін шамамен 3 мың 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Олардың ішінде жиі кездесетіні - ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарда ішімдік ішу.

«Осы іс-шара аясында тұрғын алқапқа аула бойынша аралау жүргізілуде. 1 мың 378 үй, сонымен қатар жалға берілетін 2 мыңға жуық пәтер тексерілді.  Сонымен қатар, ЖАІ кезінде жергілікті полиция қызметі, тіркелген және бұрын сотталған азаматтарды, ал ювеналды полиция қолайсыз отбасыларды міндетті түрде тексереді. Бұл жұмыстардың барлығы республиканың ең ірі шаһарындағы қылмыстық ахуалды айтарлықтай жақсартады, сонымен қатар кез келген сипаттағы заңсыз әрекеттердің алдын алады», - деп түйіндеді, полковник Саттаров.