Құжат алу үшін саусақ ізі қолданылмақ

Құжат алу үшін саусақ ізі қолданылмақ
Сурет: Sputnik.by

Қазақстанда жаңа өзгеріс 2023 жылдан бастап іске асыру жоспарланған.

Жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін саусақ ізі қолданылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхаметтің айтуынша, жаңа әдіс құжатты алғанда, ауыстырғанда қолданылады.

"2023 жылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды алған немесе ауыстырған кезде саусақ ізін енгізу жоспарлануда", – деді Арман Баймұхамет.