Құрманғазы оркестрі көрерменмен қауышты

Құрманғазы оркестрі көрерменмен қауышты
сурет: Құрманғазы оркестрінің баспасөз қызметі

«Тарих толқынында» концертімен маусым ашылды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі 88-ші концерттік маусымын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Құрманғазы оркестрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 қыркүйек күні Құрманғазы оркестрінің «Тарих толқынында» атты жаңа концерттік маусымының ашылуы өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шарада оркестрмен бірге танымал скрипкашы, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Марат Бейсенғалиев, Мемлекеттік сыйлықтық лауреаты - Талғат Күзембаев, Мәдениет саласының үздігі – Бибігүл Қилымхан өнер көрсетті.


88-ші концерттік маусымға билет алған көрермендер арасында ұтыс  ұйымдастырылып, жеңімпазға домбырашы-шебер Жолаушы Тұрдығұловтың домбырасы сыйлық ретінде табысталды.