Құрманы қыста тұтынған пайдалы

Құрманы қыста тұтынған пайдалы
Сурет: Gastronom.ru

Карелияның Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сарапшылары қыс маусымында құрманы тұтынудың пайдасын мәлімдеді. Олардың айтуынша, жемістің құрамындағы А, С және Р дәрумендері иммунитетті көтеріп, ағзаның жалпы жағдайын жақсартады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рен-тв-ға сілтеме жасап. 

Бұл топтағы дәрумендер терінің жұмсақ әрі шымыр болуына көмектеседі. Ғалымдардың мәлімдеуінше, жемістің құрамындағы калий жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін де пайдалы.

Бұдан бөлек, құрманың құрамында алмаға қарағанда диеталық талшықтар мен пайдалы микроэлементтер көп. Бұл жемістің ас қорыту жүйесінің бұзылулары бар адамдарға жарамды екенін білдіреді.

"Құрма — бұл шаршауды тез жоятын, жүйке жүйесін тыныштандыратын және өнімділікті арттыратын сергітетін жеміс", - дейді мамандар.