Құрбанбай Оспан, волейбол жаттықтырушысы: Елге қызмет етуден ерінбеу керек

Құрбанбай Оспан, волейбол жаттықтырушысы: Елге қызмет етуден ерінбеу керек
almaty-akshamy.kz

Менің пайымдауымша, Тәуелсіздік тынысымызды ашты. Еркіндік қолға тиді. Жастайымнан ала допты жаныма серік етудемін. Соның арқасында ел, жер көрдік. Қаншама турнирлерге қатысудамыз. Алыс-жақынның бәрін аралаудамыз. Бар мақсатым - волейболды дамыту. Қазақстан құрамасы сапына іріктелген, әбден жаттыққан өрендерді қосуға күш салудамын. Осының барлығы егемендік берген еркіндіктің арқасы деп білемін.