Қ.Қоңқабаев пен С.Бибосынов 31 млн теңге сыйақыларын мұқтаждарға беретін болды

Қ.Қоңқабаев пен С.Бибосынов 31 млн теңге сыйақыларын мұқтаждарға беретін болды
24 kz


Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттен бөлінген 31 миллион теңге сыйақыны мұқтаж жандарға беретін болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Бұл ойларын боксшылар Алматыда өткен Қазақстан бокс федерациясының спортшыларды марапаттау рәсімінде айтты. Федерация тарапынан Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа және олардың жеке бапкерлеріне 50 мың және 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды. Сондай-ақ құраманың бапкерлері мен Олимпиадаға қатысқан басқа да боксшылар назардан тыс қалмады. Олар да марапатқа ие болды. Спортшыларымыз қысқа мерзімдегі демалыстан соң күзде өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

- Әуесқой бокстағы әрбір спортшының арманы – Олимпиада шыңын бағындыру. Сондықтан бұл спорт емес, біз үшін өмір десем, артық айтқандық емес. Бұл жетістік қанша жылғы еңбектің, тердің, біреу білсе, біреу білмейді, соның жемісі деп білемін. Кеше мемлекет тарапынан бөлінген 31 миллион (75 мың доллар) теңгені қайырымдылық мақсатқа жұмсауға шешім қабылдадым, - дейді бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев.