Қуыршақ театры балаларға базарлық береді

Қуыршақ театры балаларға базарлық береді
Сурет:Old.elorda.info

Арнайы ұйымдастырылатын шара демеушілердің сыйлық тартуымен жалғасады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы мемлекеттік қуыршақ театры жас көрермендер мен олардың ата-аналарына арнап жаңа жобалар ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

«Қуыршақ думан» қайырымдылық қойылымы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының бүлдіршіндерінің назарына ұсынылады. Бұл шара демеушілердің сыйлық тартуымен жалғасады», – делінген театр хабарламасында. 

Сонымен қатар, бүлдіршіндердің қуыршақ театрына деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы викториналық сұрақтар, байқаулар мен интерактивті ойындарды қамтитын «Қуыршақ театры қуантады», «Менің сүйікті қуыршағым» сынды танымдық жобаларда бүлдіршіндердің жан-жақты, жоспарлы дамып, жүйелі уақыт өткізуі көзделген.