ҚР ИИДМ инклюзиямен қалай жұмыс істейді?

ҚР ИИДМ инклюзиямен қалай жұмыс істейді?
Сурет: News.myseldon.com

Министрлік мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қоршаған ортаның кедергісіз болуына ерекше көңіл бөледі.

Бұл - ҚР ИИДМ бақылауында тұрған маңызды міндеттердің бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің телеграм каналына сілтеме жасап.

Министрлік жобалау және құрылыс, сондай-ақ қайта жоспарлау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта құру бағытында заңнамаға және қажетті нормативтерге бірқатар өзгерістер енгізді.

Нормативтер:

* елді мекендер құрылысына,

* тұрақтарға,

* жүргіншілерге арналған жолдарға,

* пандустар мен баспалдақтарды қоса алғанда, кіру тобына,

* лифттерге,

* өзге де көтергіш құрылғыларға, құрылыс қызметінің барлық кезеңінде ортақ пайдалану орындарына қойылатын талаптарды белгілейді.

2021-2023 жылдарға қарай мүгедек адамдар үшін көлік инфрақұрылымында 100% кедергісіз орта қамтамасыз етіледі.

«Табалдырықтан - табалдырыққа» қағидасы.

Қазақстанда «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы жұмыс істейді (inva.gov.kz қол жетімділік картасы). Оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп, жүргізеді.

Порталда интерактивтік картадан Қазақстанның барлық өңірінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін объектілердің қолжетімділігі туралы ақпарат алуға болады. Картаға барлығы 35 мыңнан астам нысан енгізілген.

Әлеуметтік қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 22 мың әлеуметтік-көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу жұмыстарын жүргізуде.

ҚР ИИДМ  «Халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» 3.06-101-2012 талаптарына сәйкес, осы нысандарды аралау кезінде мониторингтік топтарға өз ұсынымдарын береді.