ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен жиыны

ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен жиыны
Сурет:Gov.kz.

ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен жиыны

 

2021 жылғы 21 Маусымда "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-де ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Жәнібек Агибаевтың төрағалығымен "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы А. А. Әбдіғалымовтың, ҚР ЭГТРМ Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы К. А. Әшімовтің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдептілікті сақтау қажеттілігі, өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы кеңес өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің геология комитеті таратқан хабарға сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексіне енгізілген соңғы өзгерістермен, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған кезде басшылыққа да, тиісті уәкілетті органдарға да алдын ала хабарлау қажеттігі туралы таныстырды.

"Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы А.А. Әбдіғалымов қатысушыларға алғысын білдіре отырып, мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлықсыз климатты құруда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауының маңыздылығын атап өтті.