ҚР ДСМ аппаратының басшысы тағайындалды

ҚР ДСМ аппаратының басшысы тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Жаңа басшы осы уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы қызметін атқарған. 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батырбек Әбділдин 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін тәмамдаған, Денсаулық сақтау менеджері (Сингапур)

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстандағы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған.
2002-2005 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Құрылыс консалтинг» АҚ маманы; мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы; директорының орынбасары.
2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2009-2011 жылдары - «Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; директордың орынбасары.
2011-2015 жылдары — «Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары.
2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен.
2018-2019 жылдары - Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры.

2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы.
Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.
Үйленген, 4 баласы бар.