Қоғамға қауіп төндіретін оқушылар анықталады

Қоғамға қауіп төндіретін оқушылар анықталады
Сурет: Smapse.ru

Ресей билігі қоғамға қауіп төндіруі мүмкін оқушыларды анықтауды қолға алмақ

Ресейде арнайы ойластырылған бағдарлама бойынша оқушылардың жазбаша жұмыстары зерттеледі. Сол арқылы олардың өзіне және басқаларға қаншалықты қауіпті екені анықталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпараты бойынша, осы мақсатта ел қазынасынан 1,5 млрд рубль бөлінбек. Бұл шамамен 10 млрд теңге.

Айта кетейік, аталған жаңа заң жуырда Пермь қаласындағы оқиғадан кейін қолға алынды.