Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы алматылықтардың эпидахуалы жайында айтты

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы алматылықтардың эпидахуалы жайында айтты
Сурет: Matritca.kz

«Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу шаралары» деген атпен бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында осындай тақырыппен онлайн баспасөз-конференциясы өтіп жатыр.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Басқарма басшысының айтуынша, 27 маусымда 216 науқас тіркелген, 1 тәулікте 51 науқас ауруханаға түсті, 692 науқас емделіп жатыр, оның 34-і бала, үй жағдайында 1190 науқас бақылауда, 59 адам реанимацияда ем қабылдауда.