Қожанасыр әзілдерінен...

Қожанасыр әзілдерінен...
Сурет: Кazbook.asia.kz

Пәсапалық дүние

Қожанасыр жайлы әңгіме, әзіл-қалжың жетерлік. Тіпті ойын-сауыққа қатысты құрылғандары да бар. Бала кезімнен  естіп өскен қуақы қалжыңы есіме түсіп отыр.

Бір күні біреулер Қожанасырдан сұрапты:

– Қожеке, неге осы адамдар бірімен-бірі араласып, әрлі-берлі жүреді?

Қожанасыр сонда:

– Айналайын-ау, бәрі бір жаққа жүрсе жер төңкеріліп кетеді ғой, – деп жауап берген екен.

Байқасаңыз, әрдайым көңіл-күй түскенде еске алсаңыз, ғажап бір демеуші болып, жадырап қаласыз. Бүгіндері ойыма алып қоямын. Білгенге - маржан демекпін.