Қорғаныс министрі өртенген қойма аумағын қарап шықты

Қорғаныс министрі өртенген қойма аумағын қарап шықты

Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев өрттен зардап шеккен қойма аумағын қарап шықты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Нұрлан Ермекбаев оқиға орынын аралау барысында Төтенше жағдайлар министрімен және Жамбыл облысының әкімімен кеңес өткізді. Онда өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар пысықталды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрі қоймасының аумағын тазартуға кірісті.