Қолдаулар жеткілікті, мүмкіндіктер көп

Қолдаулар жеткілікті, мүмкіндіктер көп
Сурет: 24kz.

Қолдаулар жеткілікті, мүмкіндіктер көп

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың 25 маусымдағы тікелей эфирде өткен брифингіне қала тұрғындары пікір білдіріп жатыр. Солардың бірі - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қазбек Шайх, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Қала тұрғындарының әл-ауқаты, әлеуметтік жағдайы күн санап жақсарып келеді. Осы орайда көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектердің маңызы өте зор. Шаһар басшысы біздің де, тұрғындардың да пікірімен санасып отыр. Жалпы тұрғындардың  жағдайын тұрақты ету үшін экономикалық қауымдастықтарды дамытуымыз керек. Тек қала билігі емес, тұрғындардың тарапынан да талпыныстар болса, біздің алар асуымыз көп. 2 млн халқы бар мегаполисті басқару оңай емес. Егер тұрғындардың бастамасына сәйкес, экономикалық қолдау көрсетілетін болса, көптеген әлеуметтік мәселелер оңай шешіледі. Өйткені, бір адамның мәселесі шешілсе, бір отбасының жағдайы тәуір деген сөз. Ал бір отбасы бақытты болса,  ештеңеден тарықпай, материалдық жағдайы жақсы болса, еліміздің экономикасының да оң көрсеткіші болып табылады. Тұрғындар мүмкіндікті пайдалана білсе, жайлы өмір сүру үшін қолдау да, көмек те жеткілікті. Қала басшылығы да осы екі тараптың талап-тілегін ескере отырып әрекет етіп жатқаны мәлім», - деді Алматы қаласы  Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қазбек Шайх.