ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Сурет: Тurkmenportal.com

Си Цзиньпин Қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзінің құттықтауында Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан мемлекеттің мүлде жаңа келбетін қалыптастырғанын, әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін нық қадам басып келе жатқанын жазған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап

– Мен Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының дамуына ерекше мән беремін. Сізбен бірге Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықты нығайтуға, екі елдің стратегияларын ұштастыруға, мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарды екі мемлекеттің және олардың халықтарының игілігі үшін жаңа деңгейге көтеруге дайынмын, – делінген жеделхатта.