«Қызыл» аймақтағы өңір саны бес облысқа жетті

«Қызыл» аймақтағы өңір саны бес облысқа жетті
almaty-akshamy.kz

29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақтағы өңір саны бес облысқа жетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.